Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

ҚҰСТАР-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!

Өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетелі. Африка да, өзге де ел дер де арнайы қолда әсіре ді. Оның етін, жүмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады.
14.03.2025
ҚҰСТАР-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!

Африкалық түйеқұс Қазақстанда да қолда өсіріле бастады. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі - киви, оның салмағы 2 - 3 килограмдай. Ол Жаңа Зеландия аралдарында кездеседі. Оның жұмыртқасы өте ірі (0,5 кг). Түйеқұстар өсімдіктермен де, ұсақ бунақденелілермен де қоректенеді.

Нанду - үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдам жүгіреді. Оның 2 түрі бар (кәдімгі және үзынтұмсықты нанду). Оңтүстік Американың далалы, шөлейтті аймақтарында таралған. Қораздары да жұмыртқа басады әрі ұрпақтарына қамқорлық жасайды. Салмағы 25 кг. Өсімдік жапырақтарымен, бүршіктерімен және ұсақ бунақденелілермен қоректенеді. Еті, қауырсыны, жұмыртқасы бағалы болғандықтан, көптеп ауланады. Казуардың қауырсындары ірі қылшықты. Басында мүйізтекті айдары бар. Мойны қауырсынсыз, ашық қызғылт түсті тері, қатпарлы. Салмағы 80-90 кг. Ішкі саусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және сол маңдағы ұсақ аралдарда кездеседі. Жұмыртқаны қоразы басады. Еті бағалы болғандықтан, қолда өсіреді.

Эму Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған. Салмағы - 45 - 50 кг. Жұмыртқасын қоразы шайқайды (басады). Көбіне жемістермен қоректенеді. Қолда өсіріледі.

 

Жүзетін құстар (пингвиндер):

Құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, қүрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды. Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида жағалауында көптеп кездеседі. Жұп құрып тіршілік етеді әрі жұптарын өмір бойы сақтайды. Көбейер кезде бір жерге мыңдап топтасады. Үядарын теңіз жағалауындағы тасты жерлерге салады. Ұяда көбіне 1 - 2 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны қоразы мен мекиені кезектесіп басады. Көптеген түрлерінің қүрсагында тері қатпарлы қалтасы бар. Жұмыртқа басқан кезде қалтасы жұмыртқаны жауып тұрады. Жұмыртқасын көбіне жаргақты табанының үстіне қойып шайқайды. Үлкен пингвин (императорский пингвин) жұмыртқасын қыста басады. Ол пингвиндердің ең ірісі. Биіктігі 110-120 см, салмағы 45 килограмға жетелі. Одан сәл кішілеу түрі - корольдік пингвин (королевский пингвин). Саны өте көп әрі кеңінен таралған түрі - қоршау көз пингвин (пингвин Адели). Бұлардан басқа алтыншотты, көзілдірікті, галапагостық пингвиндері (галапагоский пингвин) кездеседі. Пингвиндердің кәсіптік мәні жоқ.

Қыртөсті (ұшатын) құстар:

Қазіргі кездегі құстардың ең түрі көп тобы. Төссүйекте жақсы жетілген қыр болады. Қанаттары да ұзын, сүйірлен келеді. Қаңқа сүйектері жеңіл. Ұшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән белгілері - саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді. Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсығының жиектерінде араның тісі тәрізді майда «тісшелері» болады. «Тісшелер» негізінен қоректі сүзіл ұстау қызметін атқарады, оны үйрек, қаз тұмсықтарынан айқын көреміз. Дауылпаздар, шағалалар, сусырлар су құстарына жатады. Олардың қорегі - ұсақ су жануарлары. Қаздар, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар, тырналар - су жағалауы мен батпақты жерлерді мекендейтін құстар. Олардың кейбір түрлері өсімдіктермен де, жануарлармен де қоректене береді. Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады. Тоқылдақтар тікелей ағашта өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсықтары мықты, үшкір. Саусақтары қысқа, тырнақтары имек. Ағаш діңіне қонып отырғанда екі саусағы алға, екі сау сағы артқа қарай бағытта ла ды. Құйрық қауырсындары қатты. Ол тірек қызметін атқарады. Үзын, үшкір тілінің көмегімен ағаш қабығының астындағы жәндіктермен қоректенеді. Кейде қылқан жапырақты ағаштардың түқымдарын да қорек етеді. Қазақстанда қара, шұбар, кіші тоқылдақ кездеседі. Орман құстары зиянды бунақденелілермен қоректеніп, үлкен пайда келтіреді.

 

Ашық далалы алқаптардағы құстар:

Қанаттары кең, қалықтап үшуға бейім болады. Кейбір түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар жылдам жүгіре де алады. Түмсықтары қысқа, доғал, кейде иіліп келген өткір. Бұлар (тазқара, бүркіт, жұртты) - күндізгі жыртқыш құстар. Тауық тәріздестерге: бөдене, кекілік, ұлар, қырғауыл; дуадақтарға: безгелдек, жорға дуадақ жатады. Бұлдырықтар, бозторғайлар да шөлейтті, ашық далалы алқаптарда кездеседі. Құстардың тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуының да ерекше маңызы зор. Осыған байланысты құстар тіршілігінде елеулі өзгерістер (көбею, жылыстау, т.б.) байқалады. Құстарды жыл құстары, көшпелі құстар жөне қыстай шығатын құстар (отырықшы құстар) деп үш топқа бөледі. Құстардың жылыстауын аяқтарына сақина салу арқылы анықтайды. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі (Жамбыл облысы, Жуалы ауданында) Шақпақтас асуында құстарға сақина салу орталығы бар.

 

Жыл құстары:

Жыл құстары күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады. Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіл, көбейеді. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарлы құс қанатының ызғары деп есептейді. Жылы жақтан ең алғаш қараторғайлар, «тыраулап»тырналар оралады. Көшпелі құстар (полюстік үкі, кейбір жыртқыш құстар және т.б.) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды.

 

Қыстай шығатын құстар:

Қыстай шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді. Ешқайда жылыстамайды. Ондай құстарга қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар жатады. Құстарға қыста қолдан қорек беріп қамқорлық жасауды үмытпаңдар! Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) ІІ отрядқа жататын 56 құс түрлері тіркелген. Қызғылт және бұйра бірқазан Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл суларында кездеседі. Қара дегелең сары және кіші құтан, қалбағай, қарабай кеңінен таралған. Ақ дегелек (жыл құсы) Қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында) таралған. Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі - қоқиқаз («қызылқаз» деп те атайды). Аяғы, мойны ерекше ұзын. Тұмсығы имек болады. Топтанып тіршілік етеді. Каспий жағалауында, Шалқар теңізінде, Теңіз көлдерінде кездеседі. Қорғалжын қорығын «қоқиқаздар мекені» деп атайды. Ол дүниежүзілік мәні бар батпақты-су айдындарына жатады. Қараша қаз, қу тір жық қаз, сұңқылдақ және кіші аққу, мәрмәр, шүрегей үйректер де Қызыл кітапқа тіркелген. Бүлардың ішінде халық аққуды ерекше киелі құс санайды. Ол туралы аңыздар, әндер, күйлер кеңінен таралған. Аққу пәктіктің, сүлулықтың, адалдықтың белгісі деп есептеледі. Оның қоразы — «саһар», балапаны — «көгілдір» деп аталады.