Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

ҚҰСТАР-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!

Орақ құйрық, тарақ бас, Көп ұйқыны жаратпас. (Әтеш)
28.03.2025
ҚҰСТАР-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!

Орақ құйрық, тарақ бас,

Көп ұйқыны жаратпас.

(Әтеш)

 

Шатырсыз үйге құштар көп,

Қонақтар әр тұстан кеп.

(Құстар ұясы)

 

Сирағы ұзын, мүйізі қысқа

Бұл өзі аң ба, құс па?

(Жираф)

 

Тал басында ағаш үй,

Терезесіз тамаша үй.

Соны мекен етеді,

Қыста алысқа кетеді.

(Қараторғай)

 

Айдалада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау.

(Жұмыртқа)

 

Сөйлесе – сөзді,

Айтса – ауызды.

Тынысы басқа,

Маңдайы қасқа.

(Тотықұс)

 

Көк жүзінде жылжып жай,

Керуен құрған түзіліп,

Ілгек-ілгек шынжырдй,

Қалмайды олар үзіліп.

(Тырна)

 

Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бал таңдайлы.

(Бұлбұл)

 

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйргі.

(Қарлығаш)

 

Көктемде келіп, күзде кетеді,

Жаздай бауда әндетеді.

(Жыл құстары)

 

Талдың басында,

Жемі бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.

(Құс ұясы)

 

Қызыл, бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айбары бар.

Ацық-ацық азан салып,

Өңеш керген айқайы бар.

(Қораз)

 

Кеудесі қайқандап,

Жүреді балпаңдап.

(Қаз)

 

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі.

(Қарлығаш)

 

Әдемі бір ырғақ

аспаннан шалқып тұр.

(Бозторғай)

 

Шуға бөлеп жағаны,

Қанаттарын қағады,

Айдын судың түлегі,

Шабақ іліп жүреді.

(Шағала)

 

Қалқан құлақ,

Қанаты бар шатырдай.

Жардан жырақ,

Түнде ұшады батырдай.

(Жарқанат)

 

Маңдайы ақ қасқа,

Ақ жері жоқ басқа.

(Қасқалдақ)

 

Сазды жер мекені,

Құрт – құмырсқа қорегі.

Кереметтей өнері,

Қанаттан үн береді.

(Тауқұдірет)

 

Бес грамм салмағы,

Тұмсығы қармақ.

Қыраннан қалмайды,

Биікке ұшса самғап.

(Королек)

 

Айдары шағын,

Қаракүрең сауыры

Аппақ қардай бауыры.

(Қызғыш)

 

Бояуы сан түрлі,

Түрі ұқсас тауыққа.

(Бұлдырық)

 

Қауырсыны көгілдір,

Кішкене құс.

Беткейде өріп жүр.

(Кекілік)

 

Шашы жоқ,

Тарағы бар.

Егіні жоқ,

Орағы бар.

(Қораз)

 

Секектеп бір тұрмайды,

Өреден құрт ұрлайды.

(Сауысқан)

 

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып – қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там – тұмдап.

(Қарға)

 

Құстар – табиғаттың ажырамас бөлігі, адамзатқа пайдасы мол тіршілік иелері. Олар табиғатты көркейтіп қана қоймай, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға да үлкен үлес қосады. Сондықтан да біз құстарды қорғап, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауымыз керек.

Құстардың табиғаттағы рөлі өте маңызды. Олар зиянды жәндіктерді жеп, егінді қорғайды, өсімдіктердің тұқымын таратып, ормандардың жаңаруына ықпал етеді. Әсіресе, қарлығаш, бозторғай, бұлбұл сияқты құстар адамның ең жақын достарының бірі саналады.

Алайда қазіргі таңда кейбір құстардың түрлері жойылып кету қаупінде тұр. Оған орманның оталуы, экологиялық жағдайдың нашарлауы және браконьерлік әсер етуде. Біз, ұстаздар мен оқушылар, табиғатты қорғауға, құстарға қамқор болуға шақырамыз. Мектеп ауласында құстарға ұя жасап, жем шашу – олардың өмірін сақтап қалудың бір жолы.

Құстар – біздің қанатты достарымыз. Олардың сайраған үні табиғаттың сұлулығын арттырып, адамға қуаныш сыйлайды. Ендеше, құстарды аялау – табиғатты аялау екенін ұмытпайық!

Қазіргі таңда көптеген құстардың саны азайып барады. Бұған адамның шаруашылық әрекеті, табиғи ортаның ластануы, ормандардың оталуы себеп болып отыр. Сондықтан әрбір саналы азамат табиғатты аялауға, құстарды қорғауға өз үлесін қосуы тиіс.

Қазақ халқы ежелден құстарды ерекше құрметтеп, оларға қамқор болған. Біз де ата-бабамыздың осы дәстүрін жалғастырып, құстарға қамқорлық танытайық! Өйткені құстар – біздің ажырамас досымыз!