Курсы валют
Погода
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
Әжем үйреткен тоқыма
3-сыныпта мектеп көрмесінде алғаш рет орыс ертегісіндегі Шұбар тауықты тоқып, жүлделі орын иеленгенім әлі есімде. Шұбар тауықты тоқу үшін түрлі-түсті жіптер қолданып, бір апта бойы тынымсыз еңбек еттім. Мектеп көрмесінде менің тоқымам көрсетілгенде, қуанышымда шек болмады. Сол кезден бастап тоқыма тоқуға деген қызығушылығым одан сайын арта түскен еді.Кейіннен мен әдемі шағын қуыршақтар – амигуруми тоқуды үйрендім. Оны маған әпкем YouTube-тағы видеолардан көрсетті. Тіпті екеуіміз арнайы жіп сатып алып, ең әдемі әрі ерекше түрлерін тоқып, анамның дүкенінде сатқан кезіміз де болды. Сөйтіп, біздің хоббиіміз шағын кәсіпке айналды.Тоқыма тоқу арқылы жіпке сан түрлі мүсін беріп, көптеген бұйым жасауға болады. Мен үшін тоқыма – ішкі сезімімнің көрінісі. Бірде сіңлімнің туған күніне үлгеру үшін түні бойы басбау тоқып шықтым. Сары түсті басбау-ға мысықтың құлақтарына ұқсас үшбұрыштар тоқып, үстіне түрлі-түсті моншақтар тігіп қойдым. Бұл мен үшін ең ыстық жұмысымның бірі болды. Сол басбауды сіңліме тарту еткенде, оның оны мақтанып тағып жүргенін көріп, осы өнерді меңгергеніме қатты қуандым.Тоқыма тоқу арқылы ішкі дүниең тынышталатыны рас.Уақыттың қалай тез өтіп кеткенін де байқамай қаласың. Ең бастысы, өз қолыңнан шыққан, ешбір бала-масы жоқ жаңа туынды пайда болады.
Менің анам мен тәтеме тоқымаөнерін нағашы әжем үйреткен. Әжем тоқу үшін жіпті өзі иіріп, шұлық, орамал, киім тоқып отырған. Біздің үйде әжемнің ұршығы әлі күнге дейін сақ-таулы тұр. Оны алғаш көргенімде мән бермей, анамның әңгімесін толық түсінбеген едім. Есейе келе сол ұршықтың анам үшін қаншалықты қымбат екенін ұғындым.Қазір менің анам жіпті өзі иірмесе де, бізге арнап түрлі киім тоқып береді. Ондай киімді киіп жүргенде, айналамдағы адамдар үнемі қайдан алғанымды сұрап жатады. Оны маған анам тоқып берді деп масаттану мен үшін қымбат сезім. Тоқыма – тек өнер ғана емес, ол менің жан-дүниемді жұбататын, тыныштандыратын, қымбат естеліктер мен жақында-рымның сүйіспеншілігіне толы қолөнер. Сол үшін бұл өнердің әжемнен маған жеткеніне мақтанамын.
Дайындаған Әсемгүл ГАЛИМОВА

