Курсы валют
Погода
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
ТАТУЛЫҚ ПЕН ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ КҮНІ
Шараға Түрк Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Левент Гюржан, Дүниежүзі ахысқа түріктері бірлік қоғамы төрағасының орынбасары Яша Чилингаров, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалибеков және «Қоғамдық келісім» КММ Төлеби аудандық филиалының басшысы Есімхан Айтжановтар қатысты.
1944 жылы ахысқа түріктері тарихи отанынан күштеп жер аударылып, Қазақстан мен Орта Азия елдеріне қоныстандырылған болатын. Сол бір ауыр жылдары қазақ халқы мейірім мен бауырмалдық танытып, жер аударылған халықтарға қамқорлық көрсетті. Іс-шара барысында тарихи бейнежазбалар көрсетіліп, қатысушылар өткеннің тағылымды сәттеріне тағзым етті. Аудан басшылығы өкілдері өз сөздерінде бұл күннің тек тарих үшін емес, бүгінгі қоғам үшін де ерекше маңызға ие екенін атап өтті. «Тарих – халықтың жадында мәңгі сақталады. Осындай еске алу шаралары арқылы біз бірлік пен өзара құрметтің қадірін ұғындырамыз. Татулық пен бейбіт өмір – еліміздің басты құндылығы», – деген пікір айтылды. Өз кезегінде ахысқа түріктері этно-мәдени орталығының төрағасы Айдамир Мұқтазимұлы іс-шараның маңызын атап өтіп: «Бұл – біздің тарихымызға тағзым ету және ұлттар арасындағы достықты сақтау жолындағы маңызды шара. Қазақ халқына көрсеткен мейірімділігі мен бауырмалдығы үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Бірлік пен бейбітшілік – баршамыздың ортақ байлығымыз», – деді.Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, тарихқа тағзым етіп, татулық пен достықтың мәңгілік екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Кальбинур ХОШНАЗАРОВА

