Курсы валют
Погода
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
Алматыдағы Ақсақалдар кеңесі жастармен жұмысты күшейтеді
Алматы қаласы бойынша ҚХА төраға орынбасары Долқунтай Әлиевтің айтуынша, бүгінгі жастардың бойындағы жауапкершілік пен мәдениет деңгейі – үлкендердің өнегесімен қалыптасады.
«Біз жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Бұл – еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясатының айқын жемісі. Ассамблея осы бірлікті сақтау мен нығайту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Өйткені ел болашағы – жастардың қолында, ал олардың қандай азамат болып қалыптасуы бәрімізге ортақ жауапкершілік», – деді ол.
Долқунтай Әлиевтің пікірінше, ұлттық бірегейлікті сақтау мен жастарды тәрбиелеу тек білім беру жүйесінің емес, бүкіл қоғамның міндеті. «Бала үйде не көрсе, соны бойына сіңіріп өседі. Егер біз жастарды саналы, мәдениетті, еңбекқор, елжанды болсын десек, ең алдымен өзіміз үлгі болуымыз керек. Тәрбиенің бастауы – ата-ананың іс-әрекеті мен қоғамның мінезінде», – дейді ол.
Бұдан бөлек ол буынның тәжірибесі мен өмірлік даналығы жастар тәрбиесінде ерекше рөл атқаратынын айтты. Оның сөзінше, қариялардың мектептер мен жоғары оқу орындарының тәрбиелік іс-шараларына белсене қатысуы – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылық пен рухани биіктікті сіңірудің тиімді жолы.
«Біздің ақсақалдар жастарға отанды сүюдің, мәдениетті құрметтеудің, отбасы қадірін білудің маңызын жиі айтып отыруы керек. Бұл – қоғамның рухани дамуына қосылған үлкен үлес. Себебі жастар бізге қарап бой түзейді, бізден үлгі алады», – деді ол.
Қалалық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері алдағы уақытта Алматыдағы мектептермен, колледждермен және қоғамдық ұйымдармен серіктестікті кеңейтуді жоспарлап отыр. Әсіресе, рухани жаңғыру, этносаралық келісім мен мәдени көптүрлілікті насихаттау бағытындағы жобаларды күшейтуге басымдық берілмек.
«Егер әр буын өзінен кейінгі ұрпаққа адамдық пен адалдықтың жолын көрсетсе, Қазақстанның болашағы нұрлы болмақ», – деді төраға орынбасары.

