Курсы валют
Погода
+12
°
C
H: +16°
L: +9°
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
Алматыда Халықаралық студенттер күніне арналған ауқымды шаралар өтті
17 қараша Алматыда Халықаралық студенттер күні кең көлемде атап өтілді. Бұл мереке жыл сайын қала жастарының белсенділігін, білімге құштарлығын және шығармашылық әлеуетін айқындайтын маңызды күндердің бірі. Биыл Алматы студенттік өмірдің жаңа қарқынын көрсетіп, жастарға арналған ең ауқымды шаралардың бірі — ALMATY STUDENT’S WEEK 2025 апталығын ұйымдастырды.
11 қарашадан бастап қалада студенттердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған жүздеген іс-шаралар өтті. Алматы қаласы әкімдігі мен жоғары оқу орындарының бірлескен бастамасы жастардың өз идеясын жүзеге асыруына, қала өміріне белсенді араласуына мүмкіндік берді.
20.11.2025
Алматыда Халықаралық студенттер күніне арналған ауқымды шаралар өтті
Апталыққа қаладағы 35 жоғары оқу орнынан 40 мыңнан астам студент қатысты. Жалпы 150-ден астам шараөткізілді. Олардың әрқайсысы жастардың түрлі қабілеттерін ашуға бағытталды:
шығармашылық кештер мен акустикалық концерттер,
Jas IQ зияткерлік ойындары,
студенттік кинокөрсетілімдер,
спорттық старктер мен StudSport дәрістері,
экологиялық акциялар мен «Таза Campus» челлендждері,
қайырымдылық бастамалары,
патриоттық және құқықтық мәдениетті арттыруға арналған іс-шаралар.
Жастардың белсенділігін арттыру мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан адал азаматтан басталады» қағидасын кеңінен насихаттауға да ерекше көңіл бөлінді. Осы бағытта «Заң және тәртіп» акциясы аясында лекциялар, құқықтық турнирлер өткізіліп, студенттер қоғам алдындағы жауапкершілік туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар, биыл алғаш рет қала бойынша «Алматының үздік студенттік тобы» анықталды. Жүлде қоры — 1 миллион теңге. Бұл байқау шығармашылық ұжымдардың дамуына серпін беріп, жастардың сахналық мәдениеті мен өнерге қызығушылығын арттыра түсті.
Апталықтың финалы да әсерлі болмақ: бүгін студенттер Jana Beles үлкен фестивалінде бас қосып, жыл бойғы жетістіктерін атап өтеді. Кеш соңында қаладағы ең көңілді және тапқыр жастар қатысатын Student Life КТК ойындарының финалы өтеді.
Алматы бүгінде елдің ең ірі білім орталығы саналады — қаланың 35 жоғары оқу орнында 210 мыңнан астам студент білім алады. Сондықтан Халықаралық студенттер күні қала үшін тек мереке емес, сонымен бірге жас буынды жаңа мүмкіндіктерге жетелейтін, олардың шығармашылығын дамытатын маңызды мәдени оқиға болып отыр.
← Назад

