Курсы валют
Погода
+12
°
C
H: +16°
L: +9°
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
Алматыда тарихи нысандар мен мәдени инфрақұрылым жүйелі түрде жаңартылып жатыр
Алматы бүгінде елдің мәдени келбетін айқындайтын рухани орталықтардың бірі ретінде дамып келеді. Қалада тарихи нысандарды сақтау, мәдени инфрақұрылымды жаңарту және шығармашылық алаңдарды кеңейту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов аталған өзгерістерге қатысты тілшімізге кең көлемді ақпараттарымен бөлісті.
Алматыда жүргізіліп жатқан ең ірі мәдени жобалардың бірі – «Райымбек батыр» мемориалдық кешенін жаңғырту. Бұл өз кезегінде қала үшін ғана емес, ел руханияты үшін стратегиялық жоба саналады.
25.12.2025
Алматыда тарихи нысандар мен мәдени инфрақұрылым жүйелі түрде жаңартылып жатыр
Бейбіт Шаханов мемориалдың тек жөндеу емес, тұтас мәдени-тарихи қайта құрудан өтетінін айтты:
«Жаңғырту жұмыстарының мақсаты – мемориалды еліміздің тарихи жады мен рухани өмірінің маңызды орталығына айналдыру. Жөндеу аяқталған соң кешен қоғамдық және рухани іс-шараларды өткізуге арналған заманауи, ашық әрі көпфункционалды алаң болады», – деді әкім орынбасары.
Бұл нысан Алматының тарихи-мәдени бейнесін ғана емес, ұлттық кодты ұрпаққа жеткізудің маңызды алаңы болмақ.
2024 жылдың наурызында Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық жасөспірімдер театрының кешенді жаңартылуы басталды. Театрдың инженерлік инфрақұрылымы толық өзгертіліп, қауіпсіздік жүйелері жаңартылады. Ең бастысы – ғимараттың тарихи келбеті сақталады.
Жаңартылған театр 226 заманауи көрермен орнына ие болады, шығармашылық топтың жұмыс жағдайы жақсарады,балалар мен жасөспірімдерге арналған репертуар кеңейеді.
Бұл жоба Алматыны балалар мен жас таланттарды қолдайтын мәдени орталық ретінде күшейте түседі.
Алматының әдеби өмірінің жүрегі саналатын Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты да толық жаңғарудан өтуде. Жоба 2026 жылдың басында аяқталады.
Жаңартылған кеңістік әдеби кездесулерге, шығармашылық семинарларға, поэзия кештеріне, кітап таныстырылымдарына, баспа жобаларына арналған әмбебап мәдени платформаға айналады.
Шахановтың айтуынша, бұл жоба ұлттық әдебиетті қолдаудың жаңа кезеңін ашады.
Қалада үш жаңа мәдени жобаның жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр:
Жастар театры
Жаңартылған қалалық цирк
Зообақтың жаңа кешені
Жастар театрының құрылысы 2026 жылдың наурызында басталады. Бұл – жас актерлер мен режиссерлер үшін жаңа шығармашылық алаң, ал қала тұрғындары үшін жаңа мәдени кеңістік.
Алматы мәдениеті – тарих пен жаңашылдықтың үйлесімі. Қаланың әрбір жобасы ұлттық рухты сақтау мен заманауи мәдениетті дамытуға бағытталған. Бүгінде Алматы тарихи нысандарды жаңғыртып, жаңа шығармашылық орталықтар салып, әдебиет пен театр кеңістігін кеңейтіп, Орталық Азиядағы басты мәдени хабқа айналу жолында нық қадам басып келеді.
Олжас Әбдіхалық
← Назад

