Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

Достық мерекесі

Жақында Алматы облысы Талғар ауданында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Ризашылық пен құрмет: ұлттық құндылықтар» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
06.03.2026
Достық мерекесі

Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты біргекөтеріп, тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет он жыл бұрын, яғни 2016 жылы атап өтті. "Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн, яғни 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді", - деген болатын елбасы Ассамблея сессиясында.

Бұл сияқты алғыс айту мерекесі шет елдерде де тойланады. Канадада  қазанның екінші дүйсенбісінде атап өтіледі. Оның тарихы егін жинау маусымымен байланысты. Канадалықтар табиғаттың берген ырысына, бейбіт өмірге алғыс білдіреді. Отбасы мүшелері дастарқан басына жиналып, біргемерекелік ас ішеді. Жапонияда 23 қарашада Еңбекке алғыс айту күні тойланады. Бұл күннің мәні – еңбек адамдарын құрметтеу және өндіріс пен қоғам дамуына үлес қосқан жандарға ризашылық білдіру. Мектептер мен мекемелерде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, балалар ата-аналарына және ұстаздарына алғыс білдіреді. Оңтүстік Кореяда қыркүйек–қазан айларында ай күнтізбесі бойынша атап өтілетін Чусок мерекесі бар. Бұл – егінге шүкіршілік ету және ата-баба рухына тағзым жасау күні. Отбасы мүшелері туған жерге жиналып, дәстүрлі тағамдар әзірлейді. Чусок та ризашылық пен отбасы бірлігін білдіретін маңызды мереке. Германияда қазан айының алғашқы жексенбісінде Егінге алғыс айту мерекесі өткізіледі. Шіркеулерде құлшылық жасалып, ауыл шаруашылығы өнімдерімен безендірілген көрмелер ұйымдастырылады. Бұл күн табиғаттың сыйына және еңбектің нәтижесіне алғыс білдірумен ерекшеленеді. АҚШ-та Алғыс айту күні қарашаның төртінші бейсенбісінде тойланады. Бұл мереке XVII ғасырда ағылшын қоныстанушыларының алғашқы мол өнім алғаннан кейін жасаған шүкіршілік дастарханынан бастау алады. Бүгінде америкалықтар бұл күні отбасы мүшелерімен жиналып, дәстүрлі түрде күркетауық пен асқабақ бәлішін дайындайды. Мереке ұлттық бірлік пен отбасылық құндылықтарды дәріптейді.

Әлем елдері алғыс айту дәстүрі көбіне егін, еңбек және тарихи оқиғалармен байланысты қалыптасқан. Ал еліміздегі Алғыс айту күні – этносаралық татулық пен тарихи тағдыр тоғысының символы. Ортақ құндылық – ризашылық білдіру. Қай елде, қай күні тойланса да, мұндай мерекелер адамдарды мейірімділікке, бірлікке және өзара құрметке үндейді.

Жиынға ұйғыр, белорус, грек, славян этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Республикалық ұйғыр этномәдени орталығы Алматы облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Имин Тохтахунов, Талғар аудандық филиалының төрағасы Каминур Супиева, Қызыл Қайрат ауылдық ханым қыздар кеңесінің төрағасы Гүлбанум Бакиева, аудандық «Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайімі Айтжамал Нұрбатырова, аудандық «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы Ахат Сұлтанқуловтар қатысып, бірлік пен татулықтың қоғамдағы маңызы жөнінде пікір білдірді. Сонымен қатар, алдағы Жалпы халықтық референдумға байланысты ақпарат беріліп, азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің ел дамуы үшін мәні сөз болды. Іс-шара аясында аудан әкімі Танат Айдарбековтың  Алғыс хатымен қоғамдық өмірге белсенді үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар  марапатталды. Талғар аудандық «Қоғамдық келісім» ұйымы атынан Алтыншаш Мұхаметнур сөзге шығып, мерекемен құттықтады.  Кеш барысында концерттік бағдарлама ұсынылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Асемгүл ГАЛИМОВА