Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

Көрісу күні – Амал

Бүгін Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында «Наурызнама» онкүндігі аясында «Көрісу күні – Амал» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара сәтті өтті. Іс-шараға қонақ ретінде Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры, Республикалық академиялық неміс драма театры және Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры қатысты.
19.03.2026
Көрісу күні – Амал

Іс-шарада Республикалық мемлекеттік академиялық неміс драма театрының көркемдік жетекшісі Наталья Дубс, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының директоры Наталья Ли, Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, ҚР халық артисі, "Құрмет" орденінің кавалері Ольга Коржева мерекелік құттықтау лебіздерін жеткізді. Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры атынан директор орынбасары Надирам Омарова, театр актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің кавалері Алымджан Айсаев, театр көркемдік жетекшісі Фархадбек Қанафин келген қонақтарға жылы лебіздерін арнап, директор орынбасары Надирам Омарова мейман театрларға театр басшысы Дильмурат Бахаровтың атынан алғыс хаттар ментеатр альбомдарын табыстады.

Іс-шара аясында қонақтардың назарына Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдарыныңбайлығы мен алуан түрлілігін танытатын ұлттық тағамдар  тартылып, «Қонақ кәде» ретінде мейман театрлар  дайындаған әсерлі концерттік бағдарламажұрт назарына ұсынылды. Бағдарламада музыкалық және драмалықшығармалар орындалып, әсем би көріністерікөрсетілді.

         Театр ұжымдары бір-бірімен көрісіп, көктемнің жаймашуақ мерекесі аясында  бір-біріне ізгі ниетпен  жақсылық пен ырыс-береке тіледі. Мерекелік іс-шара  меймандостықатмосфераға, достық пен өзара құрметке, қуаныш пен шаттыққа толы болды.

         Осындай іс-шаралар шығармашылық ұжымдар арасындағы достық әрі әріптестік байланысты нығайтып, мәдени диалог пен ынтымақтастықтың дамуына, сондай-ақ Қазақстан халқының дәстүрлері мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

 

Кальбинур ХОШНАЗАРОВА