Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

Қызмет пен өнердің тоғысқан нүктесі

Бүгін біз Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры директорының орынбасары Надира Омаровамен сұхбаттастық. Ол еңбек жолын 2002 жылы балаларға арналған «Йеңи әвлат» газетінің редакциясынан бастаған. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамындағы республикалық Ұйғыр этномәдениет орталығында 10 жыл жұмыс істеп, үлкен тәжіребе жинады және сол Ассамблея жанындағы басқа да ұлттық мәдениет орталықтарының жұмысына белсене араласты.
27.03.2026
Қызмет пен өнердің тоғысқан нүктесі

Надира Тұрсынқызы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ұзын-там ауылы М. Мақсатов атындағы толықсыз орта мектебінің 9-сыныпын тәмәмдап, Тиірмен аулынында орта мектепті бітірген. 1997–2001 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2001–2003 жылдар аралығында осы университеттің магистратурасын  тәмамдаған. 2002-2003-жылдары «Яш әвлат» газетінің тілшісі, жауапты хатшысы. 2003-2010-жылдары Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығында төрағаның көмекшісі, 2008-2011-жылдары Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрында хатшы-референт, ассистент, кейіннен 2010-20212-жылдар аралығында «Бірлік» жастар қоғамдық қорының атқарушы директоры лауазымын атқарады. 2015 –жылы «БЕНТ» фирмасында  президентінің қоғамдық жұмыстар бойынша көмекшісі сондай-ақ екі жіл «Инаят» қоғамдық бірлестігінде әкімшілік және қаржылық сұрақтар бойынша жетекші болып жұмыс істеген. Ал 2022-жылдан бері  киелі қара шаңырақ Уйғыр театрына қайта оралып, қызмет дәрежесі көтеріледі.

 

     - Надира Тұрсынқызы, байқасам, сіз шығармашылық пен әкімшілік қызметін ұштастырып арманға қол жеткізген екенсіз, осы жайлы айтып өтсеңіз?

- Қоғамдық қызмет жолымды 2003 жылы «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігі құрылғаннан кейін бастадым. Қызмет барысында орталық жұмысының тиімділігін арттыру бағытында еңбек еттім.  Егер мен қоғамда өз орнымды тауып, халқыма қызмет етіп, жетістіктерге жеткен болсам, оған кезеңде маған басшылық еткен көрнекті қоғам қайраткері, марқұм Турған Розахуновтың үлкен ықпалы деуге болады. Мен Турған Имирұлымен бірге жұмыс істеуге және одан баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік берген Жаратқанға шексіз ризамын. Өйткені оның берген жұмыс тәжірибесі шынымен де теңдессіз. Бүгінгі таңда мен өзімнің көңіліме қонымды, бар ынтамды салып атқаратын театр саласындағы қызметтемін, директордың орынбасары лауазымында еңбек етіп, театрдың дамуына, ұйымдастырушылық және басқарушылық жұмыстардың тиімді жүргізілуіне өз үлесімді қосып келемін. Театр ұжымында 179 адам, яғни 23 басқарма, 49 қызмет көрсету және 107 шығармашылық саласындағы әріптестің үйлесімді жұмыс істеуі, шығармашылық процестің сапалы ұйымдастырылуы, көрерменге ұсынылатын қойылымдардың жоғары деңгейде өтуі – менің негізгі міндеттерімнің бірі. Әрбір жоба мен іс-шараны мұқият жоспарлап, нәтижелі жүзеге асыру – күнделікті жұмысымның ажырамас бөлігі.       Осы орайда театр директоры Дилмурат Бахаровтың маған білдірген сенімі мен көрсеткен қолдауы – кәсіби белестерді бағындыруыма үлкен серпін беретін маңызды фактор. Театрдың дамуына үлес қосып, басқару ісінде кәсіби біліктілігімді арттыру және мәдениет саласында өз орнымды нығайту – басты мақсаттарым.

     Қазіргі таңда Ұйғыр театры өзінің шығармашылық бағытында тың серпін алып, репертуарын жаңа мазмұнмен толықтырып келеді. Театр сахнасында тек отандық авторлардың туындылары ғана емес, сонымен қатар шетелдік драматургтердің де шығармалары қойылып, көрерменге кең ауқымды мәдени тәжірибе ұсынуда. Соңғы жылдары театрда заманауи режиссерлік шешімдермен ерекшеленетін жаңа қойылымдар жиі сахналануда. Әрбір жаңа туынды – көрерменге ұсынылған тың идея, жаңаша көзқарас және сахналық ізденістің нәтижесі. Ұйғыр театрының тағы бір маңызды жетістігі – қойылымдардың синхронды аударма арқылы үш тілде ұсынылуы. Бұл жаңашылдық театрдың көрермен аясын кеңейтіп, түрлі ұлт өкілдерінің өнерді еркін тамашалауына мүмкіндік беруде. Соның нәтижесінде театр тек ұйғыр халқының мәдени орталығы ғана емес, көпұлтты аудиторияны біріктіретін рухани кеңістікке айналып отыр. Бүгінде театрға өзге ұлт өкілдерінің тұрақты келуі – оның ашықтығы мен қолжетімділігінің айқын дәлелі. Театр әртістері фестивальдердің лауреаты атақтарына және түрлі дипломдарға ие болды. Сонымен қатар театр халықаралық және республикалық фестивальдерде, сондай-ақ беделді байқау алаңдарында өз қызметін айтарлықтай жандандырып, онда біздің үздік спектакльдеріміз бірнеше рет Гран-при мен ақшалай жүлделердің иегері атанды.

-Өзіңіз жайлы айтып берсеңіз?

-Мен Ұзын-там ауылында дүниеге келгем. Әкем Тұрсын Омаров колхоз кезеңде бригадир болып, кейін Ұзын-там ауылында дүкенде сатушы болып істеп, сол жерден зейнеткерлік дем алысқа шыққан. «Қыз бала әкеге жақын болады» деген сөз бекер айтылмаса керек. Мен де бала күнімнен әкеме ерекше жақын болып өстім. Оның әрбір сөзі, әрбір ақылы мен үшін бағыт-бағдар, өмірлік ұстанымға айналды. Мектепті тәмамдап, үлкен өмірге қадам басар сәтте мен үшін ең маңызды кезеңдердің бірі басталды. Арман қуып, Алматы қаласына келіп, жоғары оқу орнына құжат тапсырдым. Сол бір жауапты сәтте әкем мені жалғыз қалдырмай, жанымнан табылды. Менің оқуға түскенімді естігендегі әкемнің қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оның жүзіндегі мақтаныш пен шаттық – мен үшін ең үлкен марапат еді. Алайда, тағдырдың жазуымен әкем менің қолыма диплом алып, қызметке орналасқан сәтімді көре алмады. Бұл – жүрегімде жазылмас сағыныш болып қалған өкініш. Дегенмен, мен әрқашан әкемнің рухы мені қолдап, әр жетістігіме іштей қуанып, разы болып жатыр деп сенемін. Бүгінгі менің жетістіктерім – әкемнің тәрбиесі мен сенімінің жемісі. Әке үмітін ақтау – мен үшін өмірлік мақсат.

-Қоғамдағы әйелге отбасымен қызметті ұштастыру қиын шығар?

-Менің жағдайым сәл басқаша, өмірлік серігім Жәлил Кончи архитектор, өз ісінің білікті маманы, білімді азамат. Ол менің қызметіме әрдайым құрметпен қарап, қолдау білдіреді. Отбасымызда өзара түсіністік пен сыйластық берік қалыптасқан. Бұл менің кәсіби дамуыма да оң әсерін тигізіп, алға қойған мақсаттарыма сеніммен жетуіме үлкен демеу болады. Шыққан тегімге тоқталатын болсақ, анам зейнеткер, Аллаға шүкір, 5 немере мен 3 шөбере сүйіп отыр. Бұл – біздің әулетіміз үшін үлкен қуаныш әрі береке.Әпкелерім де өздерінің тұрмыстық тіршілігін жасап, әрқайсысы өз жолымен еңбек етіп жүр.  Гульмина Омарова әпкем мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Әпкелеремдің үлкені Зульфия Омарова мектеп оқушыларына арналған асхананы жүргізіп, сол салада еңбек етуде. Ал Гульбахирям Омарова әпкем өз таңдаған кәсібімен айналысып, адал еңбегін атқарып жүр. Отбасымызда еңбекқорлық, жауапкершілік және бір-біріне деген қолдау әрдайым жоғары бағаланады.

Сұхбаттасқан Кальбинур ХОШНАЗАРОВА