Курсы валют
Погода
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
Көңілдерге жол тапқан көктемдік концерт
«Нава» мен «Рухсара» ұжымдарының бірлескен жұмысы театрдың жаңа бағытта, заман талабына сай дамып келе жатқанын көрсетті. Концерттің көрермен көңіліне жол табыуына «Құрмет» орденінің иегері Гүлбахар Насырова, сүретші Қазақстанға қызмет көрсеткен қайраткер Рустәм Мусаев, «Нава» ансамбльның көркем жетекшісі Назимжан Палтахунов, баш балетмейстер Һәжәрбүви Халилова, бас дирежер Ялқунжан Азизов, режессер Бәхитжан Авдунов, модератор Луиза Розахуновалар үлкен үлес қосты.
«Нава» — көне сарынның жаңғырығы
«Нава» ансамблі — бұл тек музыкалық ұжым емес, бұл ұйғыр халқының көне мәдениеті мен заманауи өнерін ұштастырып отырған бірегей шығармашылық шаңырақ. Қазақстанның бай мәдени палитрасында бұл ансамбльдің орны ерекше. «Нава» сөзі парсы тілінен аударғанда «әуен», «саз», «ырғақ» деген мағынаны білдіреді. Ансамбльдің басты мақсаты — ұйғыр халқының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген атақты «Он екі мұқамын» сақтап, оны бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Ұжым құрылған күннен бастап дәстүрлі аспаптардың (дутар, тамбир, равап, гиджак) үнін нақышына келтіріп, көрерменге ерекше рухани азық сыйлап келеді. Ансамбльдің репертуары тек классикалық мұқамдармен шектелмейді. Олар: Халық әндерін заманауи өңдеуде орындау; Би мен музыканы ұштастыра отырып, сахналық қойылымдар жасау;
Бүгінде ансамбль құрамында өз ісінің нағыз шеберлері мен талантты жастар еңбек етеді. Олардың әрбір шығармасы — тарих пен бүгінгі күннің алтын көпірі іспеттес. «Ұмай» ұлттық байқауының лауреаты «Нава» ұжымы тек Қазақстан ішінде емес, алыс-жақын шетелдерде де танымал. Түркия, Еуропа елдері мен Орталық Азия мемлекеттерінде өткен өнер кештерінде ансамбльдің орындаушылық шеберлігі жоғары бағаланып келеді. Бұл — отандық мәдениет менеджментінің және театр басшылығының жүйелі жұмысының жемісі. Музыканың әуезді үнін мың бұралған бимен толықтырған «Рухсара» би ансамблі кештің сәніне айналды.
Осы концертте «Ана жут» (Атамекен) әнін Қазақстанға қызмет көрсеткен қайраткер Нуралим Варисов, «Муқамләр» (Мақамдар), «Жан сәулем» әндерімен Мехрат Рәхмәтжан, сондай-ақ Луиза Розахунова, Саяра Сетәкова, Дилбәр Бурһановалар ән шырқады. «Шадиянә» әуеніге Эльвира Дамоллаева би биледі. «Алқиниңда қар болай» (Алақаныңда қар болайын) әнін Луиза Розахунова шырқады. «Көңлүң бар туруп» (Ұнап тұрсам) әнін Маратжан Норузов пен Луиза Розахунова жұптасып орындады. «Ана жутни әслисәм» (Отанымды сағынып) әнін Саһип Абдувайит, «Сени күтәрмән» (Сені күтем) әнін Дилбәр Бурһанова орындады. Орекстрдың орындауында «Тофан шторм» сондай ақ, жеке шыққан Икрам Лохманов пен Ильяр Таиповтер өте керемет өнер көрсетті. Классикалық «Ғерип-Сәнәм» дастанынан әнді Саяра Сетәкова орындады. Концертті «Рухсара» би ансамблінің әдемі қыз-жігіттері жандандыра түсті. Бұл шығармашылық кеш көрермендер жүрегінде өшпес із қалдырғаны сөзсіз.
Асемгүл ГАЛИМОВА

