Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

«Келешек мектептері – сапалы білімге жол»: Байзақ ауданындағы жаңа білім беру мүмкіндіктері

Қазақстанда білім беру саласын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылып жатқан маңызды бастамалардың бірі – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. «Жайлы мектеп» деп те аталатын бұл жоба жаңа үлгідегі, заманауи талаптарға сай білім ордаларын салуды көздейді. Жобаның негізгі мақсаты – үш ауысымды мектептер мәселесін шешу, оқушы орындарының тапшылығын азайту және оқушылар үшін қолайлы, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру.
20.03.2026
«Келешек мектептері – сапалы білімге жол»: Байзақ ауданындағы жаңа білім беру мүмкіндіктері
Жамбыл облысы Байзақ ауданында да бұл бастама өз нәтижесін беріп келеді. Атап айтқанда, Сарыкемер ауылында 2024 жылы жаңа мектеп пайдалануға берілді. Осы орайда біз Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің басшы міндетін атқарушы Ерлан Сейдаханұлымен сұхбаттасып, жаңа мектептердің маңызы мен болашағы туралы әңгімелестік.
 
– Ерлан Сейдаханұлы, алдымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасының негізгі мақсаты туралы айтып өтсеңіз.
 
– «Келешек мектептері» жобасы – еліміздегі білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Бұл жобаның басты мақсаты – үш ауысымды мектептерді жою, оқушыларға арналған орын тапшылығын азайту және білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи оқу ортасын қалыптастыру. Жоба аясында жаңа мектептер кең әрі заманауи талаптарға сай салынып, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасалады.
 
– Байзақ ауданында бұл жоба қалай жүзеге асырылып жатыр?
 
– Байзақ ауданында да бұл жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Соның нақты мысалы – Сарыкемер ауылында 2024 жылы жаңа мектептің ашылуы. Жаңа білім ордасының іске қосылуы ауданымыздағы білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Ең алдымен, үш ауысымды оқу мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Сонымен қатар, ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты азайтуға мүмкіндік беріп отыр.
 
– Жаңа мектептің ашылуы оқушылар мен мұғалімдер үшін қандай өзгерістер әкелді?
 
– Жаңа мектептің ашылуы ең алдымен оқушыларға қолайлы оқу ортасын қалыптастырды. Қазіргі таңда оқушылар заманауи кабинеттерде білім алып, жаңа технологиялармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл өз кезегінде білім сапасының артуына, оқушылардың ғылым мен технологияға деген қызығушылығының өсуіне ықпал етеді.
 
– «Келешек мектептерінің» басты ерекшеліктері қандай?
 
– Бұл мектептердің бірнеше маңызды ерекшеліктері бар. Біріншіден, олардың ғимараттары бұрынғы мектептермен салыстырғанда шамамен 15–20 пайызға кеңірек салынады. Екіншіден, оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу үшін арнайы STEM зертханалары, робототехника кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық және ғылыми жұмыстарымен айналысуына арналған коворкинг аймақтары бар. Спортпен шұғылдануға жағдай жасау мақсатында бірнеше спорт залдары да салынған.
 
– Алдағы уақытта бұл жоба ауданның білім саласына қандай әсер етеді деп ойлайсыз?
 
– Бұл жоба ауданымыздағы білім сапасын жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз. Жаңа мектептер оқушыларға тек білім алып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми ізденіске бейімделуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – балаларымыз қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алады.
 
 
 
Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық