Курсы валют
Погода
| Вс | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб |
| +13° | +20° | +23° | +21° | +22° | +23° |
| +11° | +12° | +13° | +13° | +11° | +13° |
Студенттер арманы- Миннесота университеті
- Дильфуза Селмахунқызы, кәсиби жолыңыз жайлы айтіп берсеңіз.
-Адамды алға жетелейтін ол - асқақ арман, мақсат пен ниет екені бәріне белгілі. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде он тоғыз жыл еңбек жолымда деканның тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары, факультет бойыншы студенттер мен оқытушылардың ғылыми жұмысы бойынша жауапты оқытушы және бес жыл бойы кафедра меңгеруші қызметтерін атқардым, PhD докторы, Жоғарғы Аттестация Кеңесінің қауымдастырылған профессоры дәрежесін алдым шүкір. Осы жылдар алған тәжірибес мен ғылыми дәрежем арқасында тағы бір белесті бағындыруғы ниет еттім, яғни «Болашақ» халықаралық бағдарлама арқылы ғылыми тағылымдама жеңімпазы ретінде жанұям мен бірге арман қуып еркінді елі Америка Құрама Штаттары, Миннестота штаты, Миннеаполис қаласына жол алдым.
- Миннесота университетінің ерекшелігі қандай?
- Миннесота университеті — терең тарихы бар, ғылыми жетістіктерге бай және халықаралық деңгейде мойындалған заманауи университет. Ол студенттерге сапалы білім, кең ғылыми мүмкіндіктер, мәдени әртүрлі орта және жаһандық тәжірибе ұсынады.
Миннесота университеті көптеген маңызды ғылыми жаңалықтардың отаны болып табылады. Мысалы:
- Ашық жүрекке алғашқы операциялардың бірі осы университеттің дәрігерлері тарапынан жасалды;
- Жүрек кардиостимуляторының (pacemaker) алғашқы нұсқалары осында әзірленді;
- Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі саласында жаңа технологиялар енгізілді;
- Биотехнология және фармацевтика зерттеулерінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді;
- Инженерлік және компьютерлік ғылымдар саласында инновациялық жобалар жүзеге асырылуда;
Жыл сайын университет ғылыми зерттеулерге 1 миллиард доллардан астам қаржы жұмсайды, бұл оны АҚШ-тағы ең ірі зерттеу бюджеті бар университеттердің қатарына қосады.
Кампустар жүйесі
Миннесота университеті бес кампустан тұрады:
- TwinCities(Миннеаполис–Сент-Пол) – негізгі және ең үлкен кампус
- Duluth
- Morris
- Crookston
- Rochester
Twin Cities кампусының өзі East Bank(Шығыс жағалау), West Bank(Батыс жағалау), және St. Paul бөліктеріне бөлінеді. Кампуста:
- 300-ден астам оқу және зерттеу ғимараттары
- 10-нан астам ірі кітапхана (Walter Library, Wilson Library, Magrath Library және т.б.)
- спорт кешендері мен стадиондар
- студенттік орталықтар
- мұражайлар (Weisman Art Museum, Bell Museum)
- заманауи зертханалар мен ғылыми орталықтар орналасқан
Университеттте төмендегі білім беру бағдарламаларыбар:
- 150+ бакалавриат бағдарламасы
- 200+ магистратура бағдарламасы
- 100+ докторантура бағытын ұсынады
Негізгі колледждер мен мектептер:
- College of Education and Human Development
- College of Science and Engineering
- Carlson School of Management
- Medical School
- College of Liberal Arts
- Humphrey School of Public Affairs
- College of Biological Sciences
Әсіресе бизнес, инженерия, медицина, педагогика және қоғамдық саясат бағдарламалары жоғары рейтингке ие.
Халықаралық байланыстары
Миннесота университеті халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытады және әлемдік білім беру кеңістігінде маңызды орын алады.
Нақты фактілерді атап айтсақ:
- 130-дан астам елден студенттер оқиды
- 7 000+ халықаралық студент
- жүздеген серіктес университеттер
- ондаған алмасу және қос диплом бағдарламалары
International Student and Scholar Services (ISSS) орталығы:
- виза рәсімдеу
- құқықтық және академиялық кеңес
- мәдени бейімделу
- «buddy» бағдарламасы
- халықаралық іс-шаралар ұйымдастыру
Сонымен қатар Learning Abroad Center арқылы студенттер 60-тан астам елде оқу немесе тәжірибеден өте алады. Жыл сайын шамамен 3 000 студент шетелде білім алу бағдарламаларына қатысады.
Студенттік өмір мен мүмкіндіктер
Миннесота университеті тек білім берумен шектелмей, студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасайды.
Кампус мүмкіндіктері:
- 900-ден астам студенттік клуб пен ұйым
- спорттық секциялар мен фитнес орталықтары (RecWellCenter)
- тегін тьюторлық қызметтер (SMART Learning Commons)
- медициналық және психологиялық көмек (Boynton Health)
- мансаптық кеңес беру орталықтары
- волонтерлік және әлеуметтік жобалар
Бұл қызметтер студенттердің академиялық жетістіктерімен қатар, әлеуметтік және кәсіби дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Осы мақалада Миннесота университетінде студенттерге берілетін ерекше көмектер туралы ерекше айтқым келеді. Мысалы:
Миннесота университетінде студенттерге қаржылай көмек және азық-түлік бағдарламалары
Миннесота университеті (University of Minnesota) студенттердің академиялық, әлеуметтік және экономикалық жағдайын қолдауға ерекше көңіл бөледі. Университет табысы әр түрлі студенттер үшін қаржылай көмек, азық-түлікке қолжетімділік, стипендиялар, гранттар және жұмыс мүмкіндіктері ұсынады. Бұл қызметтердің көпшілігі шетелдік студенттер үшін де қолжетімді немесе арнайы ұсыныстармен толықтырылады.
1. Қаржылай көмек түрлері
А) Стипендиялар (Scholarships)
Стипендиялар — қайтарымсыз қаржылай жәрдем. Олар: академиялық жетістіктерге, спорттық немесе шығармашылық белсенділікке, қаржылық қажеттілікке,белгілі бір факультет/бағдарлама талаптарына негізделген.
Стипендиялар университеттен, колледждерден және сыртқы ұйымдардан
беріледі.
Мысалы:
- President’s Scholarship— академиялық көрсеткіші жоғары студенттерге
- Diversity Scholarships— мәдени және этникалық әртүрлілікке арналған
- Departmental Awards— факультет тәуелсіз стипендиялар
Әдетте шетелдік студенттер де стипендияға өтініш бере алады, бірақ кейбір стипендиялар тек АҚШ азаматтарына арналған болуы мүмкін. Талаптар әр бағдарламаға қарай өзгеріп отырады.
B) Гранттар (Grants)
Гранттар — қаржылық қажеттілік негізінде берілетін көмек. Олар да қайтарымсыз.
- Federal Pell Grantжәне басқалар — АҚШ азаматтары мен тұрақты тұратын студенттерге арналған, бірақ шетелдік студенттер кейбір жеке грант көздеріне өтініш бере алады.
- Университеттің Need-Based Grants — қаржылық қажеттілігі бар студенттерге.
C) Жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері
1) On-Campus Employment
Университет кампусында жұмыс істеу:кітапхана, кафе, зертхана ассистенті, IT көмекшісі, әкімшілік көмек — сияқты жұмыс түрлері, сағатына төленетін жалақы, студенттік жобаларды қаржыландыруға көмектеседі.
Шетелдік студенттер F-1 визасымен кампуста жұмыс істеуге рұқсат алады (әдетте 20 сағат/апта оқу семестрінде).
2) Curricular Practical Training (CPT) & Optional Practical Training (OPT)
F-1 визасындағы шетелдік студенттер:CPT— оқу бағдарламасының құрамында тағылымдама жасау, OPT— оқу аяқталғаннан кейін кәсіби тәжірибе жинау
Бұл бағдарламалар арқылы тәжірибелік жұмыс тәжірибесі мен қаржылай табыс табуға мүмкіндік бар.
2. Азық-түлікке қолжетімділік (Food Support & Assistance)
Университет студенттерге қолжетімді, үнемді немесе тегін азық-түлікпен қамтамасыз ету бағдарламаларын ұсынады.
- Food Pantries & Free Food Events(Азық-түлік қоймалары және тегін азық-түлік іс-шаралары)
- Campus Food Shelves / Food Pantries (Кампустағы азық-түлік сөрелері / азық-түлік қоймалары)— тегін азық-түлікпен қамтамасыз ету: консервілер, сүт, кептірілген азық-түлік, жемістер, белгілі күндер мен сағаттарда, студенттерге, оның ішінде экономикалық жағынан қиын жағдайда тұрғандарға
????Free Meals Events(Тегін тамақтану іс-шаралары)- университетте арнайы кездесулер, фестивальдар, студенттік ұйымдар элементтерінде тегін тамақ ұсынылатын іс-шаралар өткізеді.
B) Meal Assistance Programs(Тамақтануға көмек бағдарламалары)
????Meal Swipe Donations & Meal Funds (Тамақтану үшін қайырымдылықтар және тамақ қорлары)
Кейбір студенттер өздерінің тамақ жоспарынан бөліп, мұқтаж студенттерге береді.
????Affordable Meal Plans (Қолжетімді тамақтану жоспарлары)
Университеттің асханаларында және қонақүйлер кешенінде: әртүрлі бағалармен тағам жоспарлары, төлемді жеңілдету опциялары.
Осындай артықшылықтарының арқасында университет әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастар үшін тартымды білім ордасы болып қала береді.
Орталық Азия елдері оның ішінде Қазақстан елінің он бес университеттерімен 2022 жылдан бастап Білім және адам дамуы факультетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы зерттеуші ғалым, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша ғалым, студенттерді қабылдап, жұмыс атқарылуда, олай болса Сізде осы мүмкіндіктен қапыда қалмаңыз.
- Үлкен рахмет, ғылым жолындағы ізденістеріңіз еліміздің дамуына өз үлесін қосуына сенімдімін.
Кальбинур ХОШНАЗАРОВА

