Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

Халықтың алғысын алған педагог

Білім саласының ардагері, Алматы облысы Талғар ауданының құрметті азаматы, «Халыққа білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Даша Қожабекова.
06.03.2026
Халықтың алғысын алған педагог

Жүректің батырлығын, сезімнің ақындығы, мінездің күн шуағын көрсетіп, адамның асылдығын дәлелдей білген ұстаздар қашанда құрметке лайықты, алтын жүректі жандар. Ұстаздың үйретуімен өмір көші ілгері жүріп, жас спортшы чемпион атанып, талапкер билікті дәрігер болып, тамырында тіршіліктің лүпілі соққан әрбір адам бір-бір мамандық иесі болып, өмірден өз орнын тауып жатыр.  Даша Ұлтанбекқызы 1951-жылдың 10-қазанында Іле-қазақ автономиялық облысы, Аралтөбе ауылында дүниеге келді. Әкесі Қожабеков Ұлтанбек Рақымұлы 1955-жылы қайтыс болған. 35 жыл Қызыл Қайрат  колхозында сауыншы болып жұмыс істеген анасы Насылхан Қожабекова атынан осы ауылдан көше аты берілгін. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері.  Ардақты ата-ана отбасында үш бала тәрбиелеп өсірді. Үлкен қызы Нағима 27 жыл № 34 орта мектепте директорлық қызмет атқарған. «Қазақстан білім беру ісінің үздігі», «Талғар ауданының құрметті азаматы», «Киелі шаңырақ қарлығаштары» кітабының авторы. Кенже қызы Күлжаш биология-география пәнінің муғалымы. Олда «Қазақстан білім беру ісінің үздігі», «Талғар ауданының құрметті азаматы».

1955-жылы тарихи отанымызға оралған Даша Ұлтанбекқызы 1958-жылы Қызыл-Қайрат аулындағы № 19 мектептің табалдырығын аттайды. 1966-1968-жылдары Талғар қаласындағы № 2 мектепті тамамдайды. Өз ауылындағы мектепке хатшы болып келеді. 1970-жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ филологиясы факультетіне оқуға түседі, өз мамандығы бойынша жұмыс істейді.  1980-1983-жылдары Қапшағай совхозындағы № 35 орта мектептің директоры болып тағайындалады. 1983-1988-жылдары Қызыл Қайрат ауылындағы № 19 орта мектеп директорының орынбасары, Талғар аудандық білім  бөлімі басшысының орынбасары, мектеп инспекторы, 1988-1993-жылдары № 19 мектеп директоры, 1995-2000-жылдары Талғар «Агробизнес және менеджмент» колледжінже оқытушы, 2000-2010-жылдары Белбұлақ ауылындағы № 10 орта мектебінде директоры, зейнеткерлікке шықан соң сол мектепте 2021-жылға дейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болады. «Алатау» ауылдық округінің аналар кеңесі, қоғамдық кеңес мүшесі, Қазақстан халқы ассамблеясының комиссия мүшесі. Отбасында екі  ұлы бар. Үлкені Сағындық пен келіні Мира – мемлекеттік қызметте олардан төрт немересі бар. Екінші ұлы Әсет – Алматы қаласының әкімшілігінде, келіні Динара – білім саласында қызметте бір қызы бар.

Кальбинур ХОШНАЗАРОВА