Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

Балалар шығармашылығы

Құрметті достар, біздің кішкентай оқырмандарымыз, яғни Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық әл Фараби атындағы № 31 орта мектебінің оқушылары редакциямызға хат жолдаған екен. Сіздерге жас қаламгерлердің өлеңдері мен әңгімелерін ұсынамыз.
13.03.2026
Балалар шығармашылығы

Қустар біздің досымыз

Құстар келді ауылға,

Дыбыстары әдемі.

Қуаныш  алып келеді,

Әр бәр таңда шаттанып.

 

Құстар біздің досымыз,

Оларға зиян келтірме.

Азық беріп әр қашан,

Қамқоршы бол оларға.

Шахмир Рашидинов,

 5«З» сынып оқушысы.

 

Көктем

Көктем келіп, жер оянды

Гүлдер ашылып, бақтар жанды.

Құстар келіп сайрады,

Күн жылуын сыйлады.

 

Құстар ұшар көк аспанда,

Шаттық толар әр бір жанда.

Көктем келсе көңлім гүлдеп,

Жаңа арман – берер көктем.

Бахар Тайырова,

5«З» сынып оқушысы.

 

Анашым

Мәриям Маратжанова,

4 «З» сынып  оқушысы.

Мен анамды қатты жақсы көремін. Егер мен қиналсам, ол маған қамқорлық жасайды. Әлемде анамнан артық адам жоқ. Мені жамандықтан алыстатып, жақсылыққа шақырды. Мені және інілерімді өмірге әкелгеніңіз үшін рақымет. Ол маған ақ сүт берді, мені асырады және өсірді. Мен анамның арқасында бақытты өмір сүріп жатырмын.

 

Менің анам

Айчехра Тұрсынжанова,

4 «З» сынып оқушысы.

Мен анамды жақсы көремін, себебі анам бізді тамақтандырды, ақ сүт берді және бізді бақытты етті. Бізді бақытты еткен анама көп рақмет. Маған тәттілер сыйлағаныңыз және мені дүниеге әкелгеніңіз үшін рақмет. Бұл жарық әлемде  анамнан артық адам жоқ. Ол маған және менің әпкеме қамқорлық жасады және біз үшін көп еңбектенді. Мен анамды қатты жақсы көремін. Менің сұлу, әдемі анам.

 

Анасы бар адамдар, еш қашан қартаймайды

Аида Әділша,

4 «З» сынып оқушысы.

Менің анам - ең қабілетті және мейірімді адам. Ол біз үшін күн сайын көп еңбек етіп, үйімізге тәттілер әкелетін. Анам мені жақсы көретін, маған дұрыс жолды көрсететін, әрқашан қолдап, жігерлендіретін. Ол дәмді тамақ дайындайды және денсаулығымызға қамқорлық жасайды. Егер мен ауырсам, ол мені емдейді. Анамның сөздері мені әрқашан шабыттандырады. Ол мені жақсы адам болуға шақырды. Мен анамды жақсы көремін және оған құрметпен қараймын. Болашақта мен жақсы оқып, анамның үмітін ақтау үшін жақсы адам болуға тырысамын.

Дайындаған Асемгүл ГАЛИМОВА