Погода

+12
°
C
H: +16°
L: +
Алматы
Понедельник, 30 Май
Прогноз на неделю
Вс Вт Ср Чт Пт Сб
+13° +20° +23° +21° +22° +23°
+11° +12° +13° +13° +11° +13°

Алматының спорт жаңалықтары

«Алматылық легион» баскетболдан Қазақстан чемпионатында өз алаңында екі матчта да жеңіске жетті. Алматыда ерлер командалары арасындағы Ұлттық лига аясындағы XXXIV Қазақстан Республикасының баскетбол чемпионатының кезекті ойындары өтті. 14-15 наурыз күндері Champ1on спорт кешенінде өткен кездесулерде алматылық «Алматылық легион» клубы «Атыраулық барыс» командасын қабылдады.
20.03.2026
Алматының спорт жаңалықтары

Екі ойын да тартысты әрі шиеленісті өтті. Алаң иелері кездесудің шешуші сәттерінде жинақылық танытып, мінез бен төзімділіктің арқасында қарсыласынан екі рет басым түсті.

Матчтардың нәтижесі:

— «Алматылық легион» — «Атыраулық барыс» — 72:69;

— «Алматылық легион» — «Атыраулық барыс» — 74:72.

 

Өз алаңындағы қатарынан екі жеңіс алматылық клубтың турнирлік кестедегі орнын нығайтып, жанкүйерлерін қуантты. Чемпионаттың келесі кезеңінде «Алматылық легион» елордалық «Астана» баскетбол клубымен кездеседі.

Алматы қаласы Спорт басқармасының мәліметінше, команда Ұлттық лигада тұрақты нәтиже көрсетіп, республикалық баскетбол аренасында қаланың абыройын лайықты қорғап келеді.

 

Жалпыкомандалық есепте Алматы құрамасы бірінші орын

 

Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Тараз қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша алматылық балуандар бірқатар жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

Алтын медальдар – Лаура Ғаниқызы (50 кг), Жаңыл Бекен (64 кг), Алина Ертөстік (76 кг);

Күміс медальдар – Сәния Сұлтанғали (55 кг), Аида Әлжан (59 кг), Ұлдана Тілеухан (68 кг);

Қола медальдар – Медина Қуанышбек (50 кг), Ғазиза Рысалды (53 кг), Шодиона Дильмуратова (55 кг), Қаламқас Жүніс (62 кг), Нұрайым Саяхмет (65 кг).

Жалпыкомандалық есепте Алматы құрамасы бірінші орын иеленді.

 

Алматылық Евгений Кошкинқатарынан екінші жыл жеңімпаз!

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Нидерландының Леуварден қаласында өткен беделді көрме турнирінде тағы бір мәрте үздік атанды. Отандасымыз қатарынан екінші рет "Күміс шар" турнирінің чемпионы атанып, жоғары нәтижесін көрсетті.Алматылық Евгений Кошкин Нидерландтағы халықаралық турнирде жеңіске жетті. Алматылық спортшы Евгений Кошкин Нидерландта өткен «Күміс шар» атты конькимен жүгіру спортынан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. 100 метр қашықтықта Кошкин 9,560 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орын алды. Айта кетейік, Евгений Кошкин бұл турнирде қатарынан екінші жыл жеңімпаз атанып отыр.Бұл жарысқа әлемнің мықты спортшылары қатысты. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Джордан Штольц пен биылғы әлем чемпионы Еннинг Де Бо да бар. Айта кетейік, Евгений Кошкин Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енген болатын. Ол 500 метр қашықтықта 34.56 уақыт көрсеткішімен 9-орынға ие болды. 

Дайындаған Асемгүл ГАЛИМОВА